Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық жүргізуші жолдан тездетіп өте қоймаған бойжеткенді аяусыз ұрып тастады

Бұл оқиға 10 маусым күні Ақтау қаласында болған. Ақтаулық бойжеткен жаяу жүргіншілер жолағынан тездетіп өте қоймағңан соң, жүргізушілердің бірі оны ұрып жіберген.

1468232427

Бұл туралы  Lada.kz хабарлайды.

Жүргізуші бастапқыда қыздан тездетіп өтуін сұраған. Алайда, телефонмен сөйлесіп бара жатқан бойжеткен биік өкшелі туфлимен жүрудің ыңғайсыз екенін айтып, асығыстық таныта қоймаса керек.

Бұған ызаланған жүргізу көлігінен түсіп, оны үш рет ұрып жіберген. Абырой болғанда өзге жүргізушінің бірі араға түсіп, қызды арашалап қалған. Қазіргі уақытта соққыға жыққан жүргізушінің кім екені анықталды.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте күзетші қыз екі бұзақыны ұрып жөнге салды (видео)

Алматы облысына әскерге барған маңғыстаулық жігітті қатарластары ұрып өлтірді

ШҚО-да ер адам қолын қатты қысып амандасқан танысын сүйменмен ұрып өлтірді

Талқылау