Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұқтырғандар саны толассыз өсіп жатыр" - Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы онлайн-брифинг кезінде қаладағы коронавируспен сырқаттану жағдайы және вакцинация барысы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

"Қалада жұқтырғандар саны толассыз өсіп жатыр. Коронавирус инфекциясын 585 адам жұқтырды, оның 490-ы симптоммен және 95-і симптомсыз. 3146 науқас физикалық инфекциялық стационарларда. Оның ішінде 87 бала жеңіл және орташа дәрежеде. Кеше 309 пациент келіп түсті. 449 адам шығарылды. Таңертеңгі сағат 7:00-дегі жағдай бойынша 1080 төсек бос", - деді Алматы телемедицина орталығының директоры Лаура Мырзағалиева.

Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 77 адамның жағдайы өте ауыр, 570 адамның жағдайы ауыр, 2499 адамның жағдайы орташа.

Сондай-ақ, қаладағы вакцинация туралы ақпарат берілді. 2-5 сәуір аралығында 28 713 азамат вакцина салдырды. Вакцинаның 6335 дозасы қалды, вакцинация процесі жалғасып жатыр. 9 сәуірде 57 445 доза мөлшерінде вакцинаның 5-траншы күтілуде. Ал 13 сәуір - тағы 57 445 доза.

Айта кетейік, Алматы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта орналасқан. 

Гүлдана Қазтай
Сейсенбі, 06 Сәуір, 2021 15:19
Талқылау