Жұрт тізерлеп отырып Жанардың қолын сүйген Ерболаттың қылығын түсінбеді (фото)
Желі қолданушылары Жанардың қолын тізерлеп отырып сүйген Ерболат Құдайбергеновты сынап тастады. Арасында екеуінің жарасымды жұп екендерін айтқандар да болды.
Фото: instagram.com/zhanar_dugalova/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірнеше жылдық үзілістен кейін Ерболат Құдайбергенов сахнаға қайта оралды. Ол концерттердің бірінде әріптесі Жанар Дұғаловамен кездесіп қалса керек. Тізерлеп отырып Жанардың қолын сүюді жөн көріпті. Алайда жұрт оның бұл қылығын түсінбеген-ді. Олар әншінің отбасылы адам екенін айтып, мұны ерсі қылыққа балады. Арасында екеуіне бақыт тілеп, тезірек үйленулеріне тілектес болып жатқандар да табылды.
“Ерболаттың әйелі бар ғой”, “Мұның отбасы бар емес пе еді?”, “Ерболаттыкі дұрыс емес, қанша жерден фото болса да”, “Қанша қолын сүйсең де, бұл қыз саған сынбайды-ау. Өлеңдерің онша емес қой, ағатай”, “Мұнысы ерсі екен”, “Жанар екеуің тура құдай қосып қойғандай. Енді тезірек үйлен”, “Менің жаным Жанардың қолын сүйіп жатқаны несі?!” дейді желі қолданушылары.
Артынша мұның әзіл екенін Ерболат Құдайбергенов өзінің инстаграм парақшасында хабарлады. “Халқым, жаман ой кетпесін. Сахнаға шығар алдында уақыт өткізу барысындагы әзіл. Жанар қарындасым бақытты бол!” – дейді әнші.
Жіберіп алмаңыз:
Жанар Дұғалова тарихи роман жазуды қолға алды
Жанар Дұғалованы министрлік берген марапатқа лайық емес дегендер желіде шу көтерді
Дұғалованың орындауындағы “Бұлбұл” әні тыңдармандарын сүйсіндірді (видео)
Баян Есентаева енді Жанарды жақтап сөйледі