Баян Есентаева енді Жанарды жақтап сөйледі
Баян Есентаева «Нұр Отан» партиясының атынан мәжіліс депутаттығына үміткерлердің тізімін сынап жатқан қазақстандықтарға өз ойымен де бөлісті. Әнші Жанар Дұғалованы қорғап, Instagram парақшасында өз пікірін білдірді.

«Бір жыл бұрын дәл осы уақытта ол бәріміз үшін үздік болды, себебі өз елінің атын халықаралық аренада шығарды! Ал бүгін сіздер оны елінің тағдырына белсенді араласқысы келгені үшін табалап жатырсыздар. Мойындаймын, үлкен мәселелерді шешетіндей ол әлі жас емес пе деп, мен біріншілердің бірі болып күмәндандым. Бірақ оның қаншалықты дарынды екенін білемін, және оның қолынан келетіндігіне сенімдімін! Талпыныс үшін емес, қателік үшін сынау керек. Жанар, сенің қолыңнан келеді! Сәттілік!!!», — деп жазды Баян Есентаева.
Бұған дейін Баян Есентаеваның «Жанар депутат болса өзі продюсерге тәуелді әнші, саясатта не бітіреді» деген ойымен бөліскен еді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен