Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт ескі суреттегі Ләйлә Сұлтанқызын танымай қалды (фото)

Ләйлә Сұлтанқызы ауырған құрбысын өзінің суретімен емдеп алды.

16228995_1432340983733946_1140839503905161216_n

Фото: instagram.com/gulnurorazymbetova/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын Гүлнұр Оразымбетова тұмауратып ауырған-ды. Әнші тікелей эфирде бағдарлама жүргізуге қиналғанын да жасырмады. Десе де, бұл тұмауы Ләйлә Сұлтанқызының арқасында көпке созылған жоқ.

Ләйлә Сұлтанқызы ауырып жатқан құрбысына өзінің бұрынғы суретін жіберген екен. Аталған суреттен тележүргізушінің айтарлықтай артық салмақ қосқанын байқауға болады. Алайда ол сырт келбетінің кемшіліктеріне қарамастан, күліп отыр. Бұл кез келген қиындықтан кейін сөзсіз бір жақсылықтың болатынын меңзесе керек.

“Бұдан да күшті суреттер бар, бірақ оны сала алмаймын. Ауырғанымды ұмытып кеттім ғой. СүгіретТерапия үшін рахмет, Лили”, – дейді Гүлнұр Оразымбетова. Желі қолданушылары суреттен Ләйлә ханымды көріп, таңғалғандарын жасырмады. “Суреттегі Ләйлә ханым ба?”, “Семіз ғой”, “Мәссаған, мынау Ләйлә ма? Толық болған екен ғой. Қазір ап-арық”, “Керемет сурет”, “Несі бар бұл өткен шақта? Қазір өте әдемі ғой”, “Мына киімдерді қазір Ләйлә кимейді-ау”, “Ләйләсіз бе? Мен танымай қалдым ғой” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Айсәуле Бақытбек кәсібилікті сақтамаған журналистерге ашуланды

Гауһар Әлімбекова: Мен ақшақұмар адам емеспін

Дене қызуы 39 градусқа көтерілген Оразымбетова тікелей эфирде домбырамен ән салды (видео)

Дастан Оразбеков әрбір ата-ананың баласымен бірге жасау тиіс бірнеше істі атады (фото)

Талқылау