Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек кәсібилікті сақтамаған журналистерге ашуланды

Айсәуле Бақытбек НТК арнасы мен оның журналистеріне наразы екенін айтты.

16123595_1664015123891408_1775416266144612352_n

Фото: instagram.com/aissaulebakytbek/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Аталған бағдарламаның журналистері Айсәуле Бақытбекті қайырымдылық туралы сұхбатқа шақырған. Бойжеткен келісіп, туғандарына бағдарламаны теледидардан қарауды өтінеді. Алайда сюжетте қайырымдылық емес, оның отбасына қатысты сөздер айтылған екен. Ол журналистен алдын ала сюжетке отбасын қоспауды сұрағандықтан, қазір қатты ашуланып отырған-ды.

“Кәсібилікті сақтамаған НТК арнасы РЕВЮ бағдарламасының журналистеріне наразылығымды білдіргім келеді. Аталған бағдарламаның өтірікші корреспонденті қоңырауыма жауап бермегендіктен, осы жерде жазуға мәжбүрмін. Қымбатты @ntk_channel, сіздің түсірілім тобыныңыз 23 қаңтар дүйсенбі күні қайырымдылық туралы менен сұхбат алуға келді. Сұхбат басталмас бұрын мен қандай сұрақтар қойылатынын сұрап алдым. “Тепло” қорына қатысты 5-7 сұрақтан кейін журналист отбасыма қатысты сұрақтар қоя бастады. Біз мұндайға келіспеген едік. Сол себепті отбасыма қатысты ешнәрсе айтпайтынымды жеткіздім. Сұхбаттан кейін осы бөлікті еш жерге кірістірмеуді сұрадым.

Журналист “Иә, әрине, тек қайырымдылық туралы жариялаймыз” деді. Мен мұндай жаман жолмен өзіне материал іздеуінің себебін жақсы түсінемін. Бірақ дәл бұлай ашық өтірік айтудың не қажеті бар? Біріншіден, дыбыстау кезінде менің отбасыма қатысты еш сұрақ қойылмаған-ды. Артынша олардың бұл репортажды алдын ала дайындап қойғанын білдім. Екіншіден, мен “Тепло” қорының ұйымдастырушыларына осы сұхбат туралы айттым, Бабасядан да теледидарды қарауды сұрадым. Яғни оларды босқа үміттендірдім. Есесіне не болғанын білесіздер ме?

Үшіншіден, менің өтінішіме қарамастан, репортажға отбасым туралы сұрақты кірістірді. “Не үшін?” деген бір ғана сұрағым бар. Егер журналистеріңіздің дәл осындай адамгершілігі жоқ, әдепсіз, бетке қарап тұрып өтірік айтатынын білгенімде, сіздермен бірге жұмыс істеуге ешуақытта келіспейтін едім. Осы жағдайды түсіндіріп, кешірім сұрамайтын болса, адамгершілік пен адамның жеке өмірге деген құқығын қалай ұмытсаңыздар, дәл солай менің телефон нөмірімді де ұмытыңыздар. Көп рахмет. Қызметкеріңізге менен жалынды сәлем және келесі кеңесті жолдаңыз: “Мен отбасыма қатысты пікірімді бөліспеймін”. Есесіне сіз білдей бір арнаның беделіне нұқсан келтірдіңіз. Сіздерді аяғандықтан, сотқа шағым түсірмеймін. Фу” – дейді Айсәуле Бақытбек.


Жіберіп алмаңыз:

Гауһар Әлімбекова: Мен ақшақұмар адам емеспін

Бейбіт Қорған да қажылыққа аттанып кетті

Айдана Меденова алғаш рет ата-енесінің өзін қалай қабылдағанын айтты

Ләйлә Сұлтанқызы: Дәрінің емес, скотчтың арқасында арықтадым

Талқылау