Журналист тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған медальдан бас тартты
Батыс Қазақстан облысы, Қайыңды ауданындағы “Ауыл айнасы” газетінің бас редакторы Серік Жұмағалиев тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған медальді алудан бас тартты.
Бұл туралы “Уральская Неделя” басылымы хабарлайды.
Серік Жұмағалиев неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндіріп берді.
“Мен мұны жаман марапат деп айтпаймын. Тек біз қарапайым адами құндылықтар туралы ұмытып кеттік. Мен билікке де, басқаға да ренжулі емеспін. Тек мен үшін рухани құндылықтар бәрінен жоғары. Сол үшін бұл марапаттан бас тарттым”, – дейді журналист.
Редактордың айтуынша, біздің қоғам құрмет пен адалдықты ұмытып бара жатыр. Мемлекеттік марапаттар да өз мәнін жоғалтып алған. Жоғарғы деңгейдегі марапаттардың кім көрінгеннің қанжығасына байланып жатқаны редакторды қатты қынжылтады екен.
“Мен ешкімді айыптамаймын. Біздің өзіміз сол марапат алғандар туралы газетімізде де жазып жатырмыз. Бірақ, мен ол сыйлықтан бас тарттым”, – дейді Жұмағалиев.
Оқи отырыңыз:
Алматыда екі баласымен жесір қалған келіншек көмекке мұқтаж
Ақтөбеде анасы дәретханаға тастап кеткен сәбиді ерлі-зайыптылар асырап алды
Шымкент тұрғыны Қызылордаға құдалыққа барғанда бұзау соймақ болғанын айтты
Қазақстандық көріпкел әйел Шыңғысханның қайда жерленгенін көрген