Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде анасы дәретханаға тастап кеткен сәбиді ерлі-зайыптылар асырап алды

Ақтөбеде осы жылдың мамыр айында туған анасы дәретханаға тастап кеткен нәрестені жергілікті отбасы асырап, өз бауырларына басты.

20161227100120

Бұл туралы “Рика ТВ” хабарлайды.

Шу көтерген оқиға осы жылдың мамыр айында орын алған болатын. Кейін дәрігерлер Мәншүк Мәметова деп атаған қызды 41 разъездің тұрғындары шұңқыр ішінен тауып алған. Кейін нәресте сәбилер үйінде алты айдай болған. Ал барлық құжаттарын толық рәсімдегеннен кейін, оны ақтөбелік отбасы асырап алыпты.

Ерлі-зайыптылар біраз уақыттан бері қамқоршылық органда бала асырап алу мәселесі бойынша кезекте тұрған. Қамқоршылық органдарының мәлімдеуінше, Мәншүк Мәметоваға жаңа есім берілген. Бірақ, ол әзірге құпия ұсталып отыр. Ал полицейлер қыздың биологиялық анасын сол күйі таба алмай қойды.

Жалпы, биылғы жылы “Үміт” балалар үйінен жеті бала асырап алынған. Олардың ішінде 3 жасар бір сәбиді испаниялық отбасы бауырына басыпты. Ал қалғандары Қазақстанда қалған.

Бұған дейін жаңа туған сәбиді дәретханадан тауып алған Молдағали Орынбасаров нәрестені асырап алғысы келетін ниетін айтқан. Алайда, билік өкілдері оған рұқсат бермеді. Заң бойынша азаматтың баланы асырап алуы үшін тұрғылықты үлкен жер аумағы болуы керек.

Оқи отырыңыз:

Шымкент тұрғыны Қызылордаға құдалыққа барғанда бұзау соймақ болғанын айтты

Қалыңмалға он мың доллар әкелген құдалар үйдегі үлкен әжейге ешнәрсе кигізбеген

1 млн теңге қалың малын төлеп үйленер күні қалыңдығы өзге жігітпен қашып кеткен

Астаналық жігіт неке сыйлығына жаңа көлік сұраған қыздың тілегін орындап, өзін тастап кеткен

Талқылау