Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист дұрыс түсінбеген: Зерттеушілер коронавирустың "алматылық" штаммы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қазақ ұлттық аграрлық университеті халықаралық вакцинология орталығының жетекшісі Қайсар Табынов коронавирустың "алматылық" штаммының барын жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "ҚазАқпаратқа" сілтеп.

"Бұл ақпаратты журналист дұрыс түсінбеді. Біз мутация туралы, аминқышқылдарын бөлек ауыстыру туралы әңгімелестік. Ал адам қателесіп "алматылық штамм" деп атады. Біз мұны толығымен жоққа шығарамыз. "Британиялық" және "оңтүстік африкалық" екі мутацияны анықтадық, басқа мутация туралы ештеңе айтқан жоқпыз. Қазір вирустарды бөліп жатырмыз және оларды зерттеу үшін, вакциналардың тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ әзірленіп жатқан дәрілерді бағалау үшін қолдануды жалғастырамыз. Міне, біздің басты міндетіміз - осы", - деп түсіндірді ғалым.

Еске салайық, БАҚ-та Қазақ ұлттық аграрлық университетінің халықаралық вакцинология орталығының зерттеушілері коронавирустың 12 үлгісін тексерген соң, күтпеген жерден қазақстандық штаммын анықтағаны туралы ақпарат тарады. Оған уақытша "алматылық" деген атау берілді. 

Кейін Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың "алматылық" штаммының пайда болуына қатысты түсініктеме берді. Ол жаңа штамм туралы ресми ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.

Талқылау