Журналист Динара Егеубаева әлдекімдердің ұлына қарулы шабуыл жасағанын мәлімдеді
Журналист Динара Егеубаева үйінің ауласында ұлына қарулы шабуыл жасалғанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Журналист оқиғаның Алматыда болғанын айтады.
"Менің ұлыма тапаншамен шабуыл жасады. Ол (ред. ұлы) – Еуроодақтың азаматы", – деп жазды Егеубаева.
Қалалық полиция департаменті бұл деректің тіркелгенін хабарлады.
"Істің мән-жайын анықтау үшін кешенді шаралар қабылданды. Бұл істі полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Динара Егеубаеваның көлігі өртеніп кеткен еді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында мұны қасақана жасауы мүмкін екенін айтқан. Кейін бұл іске қатысты 5 жасөпірім ұсталды. Полиция олардың бұйрықты интернет алғанын мәлімдеді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген