Журналист: Баян Мақсатқызының кітабынан кейін таңға дейін көз ілмедім
Баян Мақсатқызының кітабын алғашқылардың бірі болып оқып шыққан Мұхит Сапарбаев алған әсерін бөлісті.
Фото: instagram.com/msaparbayev/?hl=ru
Бұл туралы “Мұхит Сапарбаевпен сұхбат” бағдарламасында айтылды.
Дәл қазір Қазақстан бойынша Баян Есентаеваның кітабын 5-6 адам ғана оқып шыққан. Олардың қатарында кіші қызы мен журналист Мұхит Сапарбаев бар. Ол аталған кітапты оқып шыққаннан соң, таңға дейін ұйықтай алмағанын айтып жатыр.
“Мұншалық ащы шындыққа толы кітап жазуыңызға не себеп болды? Денем кітапты оқығалы бері тітіркенуін тоқтатар емес. Таңғы сағат беске дейін көз ілмедім. Басыңыздан өткен оқиғаларды көз алдыма елестетіп жаттым. Дәл қазір Баян Мақсатқызы мен үшін продюсер, актриса, әнші емес, бар болғаны, әлсіз әйел. Оның мінезін өмір қатайтып жіберген. Бір жерде бастықтың, бір жерде басқа адамдың рөлін сомдауға мәжбүрлеген”, – дейді Мұхит Сапарбаев.
Мұнымен қатар, журналист Баян Есентаеваның өмірінде үш рет тұрмысқа шыққанын айтып қалды.
Жіберіп алмаңыз:
“Иванушки” тобының экс әншісі тыңдармандарына “Жылама” атты ән жазып қалдырған
Айсәуле Бақытбек желідегі ең танымал жұлдыздар қатарына қосылды
Меруерт Түсіпбаева: Қазағымның Баяны аман болсын
Желіде Димаштың белгісіз арумен аймаласқан видеосы пайда болды (видео)