Алматыда жүргізуші баланы қағып, көмектеспей қашып кетті (видео)
Әлеуметтік желіде Алматы қаласының көшелерінің бірінде жолдан өтіп бара жатқан баланы көлікпен соғып, артынша оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші жайлы видеоролик тарауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы қазанның 19-ы күні Шұғыла ықшам ауданында орын алған. 2012 жылғы жеткіншек рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатып, көлік дөңгелегінің астында қала жаздаған.
Ең сорақысы, баланы көлігімен қағып, артынша ол жерден ғайып болған 31 жастағы Қаскелең қаласының тұрғынының жүргізуші куәлігі жоқ болып шықты. Бала алған жарақаттар салдарынан қазір ауруханалардың біріне орналастырылған.
Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша іс қозғалып, кінәлі жүргізушінің көлігі айыптылардың тұрағына жеткізілді.
Талқылау
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
Жастар кеңседе отырғысы келеді, қол жұмысынан қашады