Үйірмеден шығып, үйіне қайтпаған: Абай облысында 11 жасар қыз жоғалып кетті
Фото: Абай облысы полиция департаменті
Абай облысында 11 жасар қыз іздестірілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2014 жылы туған 11 жасар Саяна Қадырғожина жоғалып кетті. Абай облысының полициясы тұрғындарды қызды іздеуге көмектесуге шақырды.
“2025 жылғы 3 қараша сағат 13:00-де қыз Севастопольская көшесі, 18 мекенжайындағы мектептен кейінгі үйірмеден шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Қазіргі уақытқа дейін оның қайда екені анықталмады. Баланың ерекше қажеттіліктері бар, үнемі бақылауды қажет етеді”, – делінген полиция хабарламасында.
Саяна қызыл куртка, көк джинсы, ашық түс баскиім киген, қызғылт сөмкесі бар. Қыздың көздері қоңыр, бойы шамамен 130 см, арық.
Полиция басқармасы бала туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдардан дереу 102 телефонына хабарласуларын сұрайды.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”