Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүкті келіншектердің қарнын жарады": Сарапшылар тәліптер туралы айтып берді

Тәліптердің Ауғанстан билігіне келуі Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті екені туралы сарапшылар пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

тәліптер

Дінтанушы Еркінбек Шоранов тәліптердің осы уақытқа дейін жасаған әрекеттері туралы айтып берді. 

“Тәліптер осыған дейін басып алған жерлердегі жүкті әйелдерді өлтіріп, олардың қарнын жарып, нәрестелерін найзамен жұлып алған. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар өте көп болды. Бұл тәліптердің соңғы жиырма жылда жасап келе жатқан әрекеті”, – дейді Еркінбек Шоқай. 



"Талибан" қозғалысы – террористік ұйым, оның әрекетіне біздің елде тыйым салынған. 

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда "Талибан" қозғалысы Ауғанстанды толық басып алғанын жариялады. Президент Ашраф Гани елден қашып кетті. 

Бұған дейін 70-ке жуық мемлекет ауған халқына көмектесуге дайын екендіктерін мәлімдеген. АҚШ Тәжікстаннан, Қазақстаннан және Өзбекстаннан американдықтарға көмектескен тоғыз мыңға жуық ауғандықтарды уақытша орналастыруды сұрағанын хабарлаған болатын. 

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өз кезегінде ауған босқындарын Қазақстан аумағына орналастыру жөнінде тараған ақпаратты жоққа шығарған. Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев ешқандай шешім қабылдаған жоқ деген болатын. 

Талқылау