Жуырда "Хабар" арнасы көрерменінің назарына "Абай жолы" телехикаясын ұсынады
Жақын күндері "Хабар" арнасында "Абай жолы" телехикаясының көрсетілімі басталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бірнеше бөлімнен тұратын кинотуындыда ұлы ойшыл, ағартушы, ақын Абайдың өскен ортасы, тағдыры, өмір сүрген кезеңі ғана көрсетілмейді. "Абай жолы" романын жазған қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы, романды жазып, оны жариялау кезіндегі қиыншылықтары да баяндалады.
Жалпы Әуезов романды толық жазу үшін 20 жылдан астам уақыт ізденгенімен, мыңдаған адаммен кездесіп, әңгімелесіп, ақпарат жинаған. Телехикаяда екі ғасырдағы қоғам келбеті, қазақ халқының басынан өткен қилы кезеңдер көрсетіледі.
"Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының жазылу барысын суреттей отырып, сол арқылы Абайдың тұлғасын ашу әрі осы кітаптың бізге қалай жеткенін және кітаптың ғана емес, Абай мұраларының бізге қалай құртылмай, өзгертілмей, аман есен табысталғанын бір үлкен оқиғаға айналдыру туралы ой болған", - деді сценарист Мұрат Есжан.
Телехикая әдеттегідей бөлімдерден немесе сериалардан емес, әдеби шығармадағы секілді тараулардан тұрады.
Сериал Әуезовтің басына екінші рет қамалу қаупі төніп, 1952 жылы қауырт түрде Мәскеуге аттануымен басталады да, сонда бас-сауғалап жүріп “Абай” романын жалғастырған сәтіне ұласады. Ары қарай көрермендер өткен шаққа, Әуезовтің Абай жайлы мәлімет жинаған уақытқа өтеді. Онда сұқбат беруші кейіпкер арқылы Абай заманына ауысады. Осылайша, Абай тұлғасы, оның айналасындағы тартыстар бейнеленеді.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
