Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұғысты болсын: Аша Матай Жазира Байырбековаға ерекше сый жасады (видео)

Жиған-тергенің тойға шашылсын! Иә, расында той тойлағанды жақсы көретін қазақ халқы мерекелі күні ештеңеден аянып қалмайды. Келген қонақтан сый алып, оны еселеп қайтару – қазақтың дәстүрі. Мәселен, күні кеше Арман мен Аша қыздарының тұсауын кескен өнер иелеріне сый жасап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Асылым Арманқызының тұсаукесер тойы ерекше өтті. Салт-жоралғыларды орындау үш бірдей өнер иесіне бұйырды. Жазира Байырбекова әсем әнімен Асылымды жетектеп, ал Қарақат Әбілдина екінші қолынан ұстап шықты. Ал Сәкен Майғазиев Асылымның тұсауын кесті.

Әріптестерінің бетін қайтармай, қуанышқа ортақтасқан бұл жұлдыздарға Аша Матай арнайы сый жасады.

Бір ұл тәрбиелеп отырған Жанболат пен Жазираның қашаннан қызды болуды армандап жүргенін білетін шығарсыздар?! Бұл ретте Аша Матай өнердегі әпкелеріне ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген қамзол мен орамал тағып, Жанболаттың Жазирасына “жұғысты болсын” деп ақ тілегін білдірді.

Еске сала кетейік, күні кеше Арман Қоңырбаев пен Аша Матай тұңғыштары Асылымның 1 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасап, бүлдіршіннің тұсауын кестірді.

Жіберіп алмаңыз:

Көзілдірік пен водолазка киген Баян Есентаева той қонақтарын таңғалдырды

Мүгедек балалардың көңілін көтерген Ернар Айдар елдің батасын алды (видео)

Мейрамбек Бесбаев жазушы Қали Сәрсенбайдың хатына жауап берді

Ләйлә Сұлтанқызы: Таяқ жеп өстік, баласын ұрып жатқан отбасының ішкі мәселесіне ешкімнің араласпағаны дұрыс

Талқылау