Израиль Ливандағы тұрғын үйлерге әуе соққысын жасап, төрт адам көз жұмды
Израиль әскерінің Ливан астанасы Бейрутқа жасаған жаппай әуе шабуылынан тұрғын үйлер мен бейбіт халық зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ВВС
Ливан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, әуе соққысынан төрт адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған.
Ливан Ұлттық ақпарат агенттігінің (NNA) хабарлауынша, ел астанасының халық тығыз орналасқан Баста ауданында бес зымыран шабуылы нәтижесінде 8 қабатты ғимарат толығымен қирады.
Израиль шабуылы сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:00 (GMT 0200) шамасында болды.
Израиль әскерилері жағдайға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрін қамауға алуға ордер берген еді.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді
Желі қолданушылардың бірі Зейнел Әділеттің жаңа әйелі марқұмның жақын араласқан құрбысы екенін айтады
"300 мың теңге артық шығарған": Fortebank өз автокассасының кінәсінен қазақстандықтың шотын бұғаттап тастады
Желі қолданушысы банк қателігінен болған жайт үшін неге қиналуы керек екеніне шамданды