Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЖОО ректоры мен министрдің көмекшісі бюджет қаржысынан ақша жымқырды деп күдіктелуде

Павлодар мемлекетті университетінің ректоры мен білім және ғылым министрінің көмекшісі 7 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ЖОО ректоры мен министрдің көмекшісі бюджет қаржысынан ақша жымқырды деп күдіктелуде

Бердалиннің сөзінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры мен білім және ғылым министрінің көмекшісі бюджет қаржысынан қомақты көлемде ақша жымқырғанын анықтаған. 

«Олар 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін министрдің көмекшісіне аталған оқу орнында жұмыс істегені туралы жалған мәлімет беріп. Олар 7 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз аударғанн. Тергеу жалғасуда», - дейді департамент директоры. 

Талқылау