Көктөбеде келушілер үшін телемұнара ашылды (фото)
Бүгін, 14 желтоқсан “Қазтелерадио” АҚ қызметінің қорытындысы бойынша журналистер Көктөбе телемұнарасын аралауға мүмкіндік алды. Stan.kz тілшісі қызметкерлердің жұмысын бақылап, Басқарма төрағаларының соңғы жаңалықтарын тыңдады.
Көктөбе телемұнарасы – кіруге тыйым салынған нысан болса да, бұл жолы БАҚ өкілдері мұнараға кіріп көру мүмкіндігіне ие болды. Бірнеше жылдан бері аталған нысанда қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген-ді. Мұнымен қатар, баспасөз-туры аясында конференция өткізіліп, “Қазтелерадио” АҚ басшылары өткен жылдың қорытындылары туралы әңгімелеп, 2017 жылға арналған жоспарларын бөлісті.
2016 жылдың наурыз айынан қазан айына дейінгі уақытта компанияда үлкен жоба қолға алынған болатын. Ол “OTAU TV” жерсеріктік телевизиясын шетелдік Intelsat-904 ғарыш аппаратынан қазақстандық KazSat-3 жерсерігіне көшіру болатын.
“Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінен 1,2 миллионнан астам үй шаруашылығы “OTAU TV” желісіне қосылған, ал бұл 4 миллионнан астам қазақстандық дегенді білдіреді. Ұлттық жерсеріктік ішкі саясат бөлімдері қызметкерлері жұмылдырылды. Абоненттерді KazSat-3 жерсерігіне ағымдағы жылдың мамыр мен қазан айлары аралығында қысқа мерзім ішінде көшіріп үлгердік”, – дейді “ҚазТелерадио” АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Хайрушев.
Ол сондай-ақ отандық жерсеріктің пайдасына таңдауда экономикалық мақсаттылық бар екенін атап өтті. Отандық жерсерікті жалға алу теңгемен төленеді, хабар тарату операторы, байланыс операторлары шетелдік валюта бағамына тәуелді болмайды. Дәлірек айтсақ, шығынға ұшырамайды. Ал отандық жерсерікті жалға алған қаражат елімізде қалып экономикамыздың дамуына септігін тигізеді.
Хабар тарату саласындағы ұлттық оператор ретінде “Қазтелерадио” АҚ Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телевизияны енгізу бойынша жобаны жүзеге асыруда. 2018 жылы жобаның аяқталуына орай, 827 радиотелевизиялық станция салынып, халықтың 95%-ы отандық телеарналарды цифрлық сапада қабылдайтын болады.
“Бүгінгі күні заманауи хабар тарату жабдықтарымен жабдықталған 376 цифрлық РТС салынады. Бұл ҚР халқының 77,5%-на цифрлық сапада телеарналарды қабылдауға мүмкіндік береді. Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтары деңгейінде отызға жуық телеарналар және аудан мен ауылдық деңгейде 15-ке жуық телеарналарды тегін қабылдауға мүмкіндік береді.
Қызметтер Маңғыстау, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында толықтай қолжетімді. Аталған облыстарда уәкілетті орган – Ақпарат және коммуникация министрлігі – кезең-кезеңмен аналогтық хабар таратуды өшіруді қарастыруда. Әрине, “Телерадио хабарларын тарату туралы ҚР Заңына сәйкес, алты айдан кем емес мерзімде халықты алдын ала хабардар ете отырып жүзеге асырылатын болады”, – дейді “ҚазТелерадио” АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Айдын Бәжікеев.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкентте жеңгетайлар саунаға келетін ер адамдарға жезөкшелерді сатып келген
СҚО-да кәсіпкер өз ақшасына туған ауылын жаңартып шықты
Иесі жол апатынан кейін қымбат Lamborghini көлігін жол бойына тастап кетіп қалған (фото)