Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да кәсіпкер өз ақшасына туған ауылын жаңартып шықты

Солтүстік Қазақстан облысының Дайындық ауылында нағыз жомарт жан тұрады. Шару қожалығының басшысы Біржан Шәмерденовпен жерлестері де, жергілікті тұрғындар да мақатанады. Меценат туған ауылының жағдайын жасап, мектеп жанындағы кіші-орталық жасап шықты.

щ

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Биыл менің ұйымдастырып, жұмыс істеп келе жатқаныма 20 жыл толады. Бастапқыда 1000 гектардан бастаған едік. Қазір, Аллаға шүкір 150 мың гектар жеріміз бар. Техникалық құралдардың жаңа түрін қолданамыз. Осы жылы 3 комбайн алдық, жалпы 17 техника құралы бар», – дейді “Дайындык Агро” ЖШС-ның басшысы Біржан Шәмерденов.

Жергілікті тұрғындар кәсіпкерге жұмыс істейді. Ал басшысы оған ақысы ретінде Мәдение үйін, тұрғын үйлерді, спорт алаңдарын қайта жасап шықты. Енді мектеп жанындағы балаларға арналған 20 орынды мини-орталық жасады. Ол мұны аудандық білім бөлімінің қарауына берді.

«Аққайың ауданында бізде 22 мини-орталық бар. Оның 10-ы күні бойы, 12-сі жартылай жұмыс істейді. Қазіргі алға қойған мақсатымыз  – жартылай жұмыс істейтін мини-орталықтарды толық жұмыс күніне ауыстыру», – дейді Аққайың аудандық білім бөлімінің жетекшісі Еділ Жәкенов.

Жіберіп алмаңыз:

Есімін жасырған азамат мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады (фото)

Мұхамедиұлын “жыныстық бопсалады” деп айыптаған қыз сөзін жоққа шығарып үндеу жариялады (видео)

Имам Алматы мешіттерінде біраздан бері ұрлық жасап жүрген жігітті ұстап алды (видео)

Тәуелсіздік туралы жанұшыра айқайлап тақпақ айтқан бүлдіршін көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Талқылау