Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Имам Алматы мешіттерінде біраздан бері ұрлық жасап жүрген жігітті ұстап алды (видео)

Бұған дейін ғаламторда қаладағы мешіттердің бірінде жас жігіттің өзгелердің сырт киімінің қалтасындағы ақшасын тонап жатқан сәті жарияланып кеткен еді.

Бұл туралы Инстаграм желісінде жарияланды.

Карманник😱😱😱

Видео опубликовано Новости Казахстана💙 (@qazpress)

Мешіт имамы мешітте тағы ұрлық жасап жүрген жігітті қолға түсіріп, видеоға жазып алды. Имам жігіттен телефонды қалай ұрлағанын сұрап жатыр. Ол телефонды кіре берістегі төсеніш астына жасырып қойғанын айтып, сол жерден алып берді. Телефон мешітке келушілердің бірінікі болса керек.

Желі қолданушылары екі қолы сау жігіттің мұндай арсыздыққа барғанын айтып, жазалануын талап етуде. Олар қоғамдық орындар мен сауда үйлерін қойып енді ұрылардың құлшылық қылар орындарға түскеніне наразы болды.

В одной из мечетей Алматы сотрудники мечети поймали вора с поличным

Видео опубликовано Новости Казахстана💙 (@qazpress)

Жіберіп алмаңыз:

Бас прокуратура алдында өзін өртеп жіберген әйел қайтыс болды

Шымкентте әйелі күйеуінің өз туған қызын зорлап жатқан жерінен үстінен түскен

Қысқа белдемшемен жүріп арақ ішкен. Мусинованың ісі бойынша айыпталғандардың туыстары ТВ-ға шықты

Талқылау