Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға қыздарды секс-құлдыққа аттандырумен айналысқан Өзбекстан азаматшасы ұсталды

Өзбекстан құқық қорғау органдары жыныстық жолмен пайда табу мақсатында Қазақстанға қарай қыздар жіберумен айналысқан әйелді ұстады.

Безымянный

Бұл туралы Centralasian.org хабарлайды.

Бекабад қаласының 24 жастағы тұрғыны Елена Орлова Қазақстанға қарай қыздарды заңсыз аттандырып отырған. Ол қыздарды жалақысы көп жұмыс тауып беремін деп алдаған. Ал шын мәнінде олар шекара асқаннан кейін секс-құлдыққа тап болған.

“Елена Орлова Сырдария және Ташкент облыстарынан жас қыздарды іріктеп алып, оларға Қазақстандағы мейрамханалардан даяшы ретінде жалақысы жоғары жұмыс ұсынған. Сосын оларды халықаралық “Гишткуприк” бекеті арқылы Қазақстанға жіберіп отырған. Шымкентте оларды Регина есімді Қазақстан азаматы күтіп алған. Ол бірнеше саунаның иесі екен. Орлова әр қыз үшін Регинадан 400 доллар алған”, – деп хабарлады күштік құрылым өкілдігі.

Қылмыскерді Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің жедел қызметкерлері Қазақстанға тағы да қыздар аттандырғалы жатқан жерінен ұстаған. Оның әрекетіне қатысты Өзбекстанның қылмыстық кодексі бойынша іс қозғалды.

Істі қараған сот әйелді 5 жылға бас бостандығынан айырған. Алайда кейін оның жазасын жеңілдетіп, шартты түрдегі бір жыл мерзімге ауыстырады.

Оқи отырыңыз:

Алматыда өрттен қыздарды құтқарған жауынгердің өзін күйік шалды

Астанада 8-сынып оқушысының жүрек талмасынан емес, сыныптасының соққысынан көз жұмғаны айтылды

Путинді фашист деп атаған Ақтөбе тұрғыны сот алдында жауап беруде

Қазақстандық Интерпол өкілдігінің экс-басшысы қайынатасымен үй үшін соттасуда

Талқылау