Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жеңгетайлар саунаға келетін ер адамдарға жезөкшелерді сатып келген

Шымкентте арнайы операция өтті. Ішкі істер департаменті қызметкерлері өткізген шарада тән саудасын қыздырған екі жеңгетай қамауға алынды.

1411472379_1283809687

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Мына бейнекадрларда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері түнде қаладағы қос бірдей саунада арнайы шара жүргізгенін көруге болады. Нәтижесінде жастары отыз бен отыз төрттегі қос азаматша қылмыс үстінде ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, қамауға алынған екеу саунаға келіп түсетін азаматтарға жезөкшелерді ақшаға сатумен айналысып келіпті.

“Айғақты зат ретінде олардың  әрқайсысынан 48 мың теңге алынған. Олар екеуі – 1982-1986 жылы туылған Шымкент қаласының азаматшалары, тұрғындары.  Және де айғақты зат ретінде олардан миллионға жақын  теңге алынған. 1600 АҚШ доллары алынып отыр. Компьютер, бейнематериалдар алынып отыр және де осы жайтқа байланысты ҚР ҚК 309 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – дейді ОҚО ІІД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жезөкшелікпен айналысатын притондар жабылды

СҚО-да кәсіпкер өз ақшасына туған ауылын жаңартып шықты

Иесі жол апатынан кейін қымбат Lamborghini көлігін жол бойына тастап кетіп қалған (фото)

Студент банк қателесіп аударған $4,6 миллионды толықтай құртып жіберген (фото)

Талқылау