Жолдасы Баян Нұрмышеваның өзіне тамақ бермей қойғанын айтты
Ерлан Орынбасаров жұбайының семіріп кетесің деп тамақ бермей қойғаны туралы айтып берді. Әнші әйелінің сөзіне құлақ асып, диета ұстап жүр.
Фото: instagram.com/orynbassarov_official/
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Әнші Баян Нұрмышева мен әріптесі әрі продюсері Ерлан Орынбасаров көп уақытқа дейін өздерінің қарым-қатынасын жасырып келген. Қазір бір ұл тәрбиелеп, бақытты ғұмыр кешіп жатқан ғашықтардың өмірі түрлі оқиғаға толы. Бірде үйлеріне ұры түсіп, тонап кеткенін де сезбей қалған көрінеді.
Бұл жолы отбасылық өмірдің қызығымен Ерлан Орынбасаров бөлісті. Ол жұбайының өзіне тамақ бермей қойғанын айтады.
“Баяша, маған диета ұстамасаң, Диета.kz боласың деп артық тамақ бермей қойды”, – дейді Орынбасаров.
Ал Баян ханым жолдасының тамақты аз ішкеніне риза. “Кешеден бастап Ерлашым сауатты тамақтануды бастады. Өзі сымбатты жігіт еді. Алла қаласа махаббатымның бұдан да сымбаты арта түседі. Салауатты өмір сүрейік”, – деп жолдасы арықтай салысымен нәтижесімен бөлісетіндігін жеткізді.
Мұны білген тыңдармандарының бірі “Сендер өнер адамысыңдар. Халықтың алдында жинақы, сымбатты, атына заты сай болып жүрулерің керек” десе, енді бірі ер азаматқа диетаның жат екенін айтып, “Әзірге диетаның қажеті де жоқ қой” деп пікір білдірген.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Нұрмышева өзін балағаттаған бойжеткенге өлеңмен жауап қайтарды