Баян Нұрмышева өзін балағаттаған бойжеткенге өлеңмен жауап қайтарды

Сейсенбі, 19 Сәуір , 2016 15:35

Баян Нұрмышева өзін балағаттаған желі қолданушысына жауап берді. Әнші пікірін ақынның өлең жолдары арқылы жеткізді.

image

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Елімізге танымал әнші Баян Нұрмышева өзін желіде “мамбет” деп балағаттаған Әйгерім Үсенбаева есімді бойжеткенге жауап берді.

@aigerima_usenbaeva сіз үшін салып отырмын. Сауатты болайық ☝#Repost @omir.zholy with . “Сөздерімнен сән кетсе де, мән кетпейді, Тәкаппарлық ешкімді мәңгі етпейді. Бір атадан тарайтын екі қазақ, Бірін-бірі менсінбей – “Мамбет!” дейді. Ішім күйді, айтпаймын есіріп ой, Бұның бәрі “құлдық сана” кесірі ғой. “Мамбет” деген мазақтайтын сөзден емес, Қысқартылған пайғамбардың есімі ғой. Сөйлеп жүрсіз, қызармай бір бетіңіз, Одан да, сол пендені үлгі етіңіз. “Мамбеттерді” ерекше құрметтейік, Бәріміз де Мұхаммедтің үмметіміз! М Таңжарық” _________________ Бізді оқи жүріңіз ⏩ @omir.zholy ✔ #өміржолы

Фото опубликовано БАЯН НҰРМЫШЕВА (@bayannurmysheva)

Әнші жанжал шығармастан, Таңжарық ақынның өлеңі арқылы өз ойын жеткізуге тырысқан. Мұнымен қатар,  өзін балағаттаған бойжеткенге сауаттырақ болуға кеңес берді.

Желі қолданушылары да әншіге қолдау көрсетіп, “Ата-анасы жоқ қыз ба? Өз анасын солай айтса қандай күйде болады екен?”, “Әдепті жауап жазыпсыз. Баян ханым, тәрбиелі болудың үлгісін көрсетіңізші” сынды пікірлер білдірген.


Оқи отырыңыз:

Қанат Әлжаппаров танымал айтыскердің сынына жауап берді

Қазақстандық спортшы өзін Анджелина Джолиге ұқсатқандарға жауап берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар