Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы өзін Анджелина Джолиге ұқсатқандарға жауап берді

Соңғы күндері желі қолданушыларының қызығушылығы  қыздар арасындағы бокстан Қазақстанның қола жүлдегері Зарина Цолоева мен Анджелина Джолидің түр-келбеттерінің ұқсастығына ауды.

бокс1

Vesti.kz  сайтына берген сұхбатында спортшы қызды голливуд жұлдызына ұқсату ол үшін күтпеген жайт емес екенін айтқан.

бокс3

«Мен ол актрисаның сұлулығына өте қызығамын, оны жасырмаймын. Әлем халқының қыздары оның сұлулығына теңесуге тырысып жатыр.  Ал бізді ұқсатқандарға келсек, мен Джолиге ұқсамайтын сияқтымын. Бетіміздің кей жерлері ұқсайтын шығар, бірақ бізді сыңары немесе егізі деуге келмейміз. Маған бұған дейін талай адам Анджелинаға ұқсайсың деп айтқан. Жасыратыны жоқ оған көңілім көтерілмесе, ренжімеймін. Ол түскен барлық фильм маған ұнайды. Әсіресе, «Мистер и Миссис Смит» фильмін сүйіп көрем. Оның барлық киносын көріп шыққан шығармын»,-дейді спортшы қыз.

бокс2

Ақпан айында Зарина  Қазақстан чемпионатына қатысып қола жүлдегер атанды.  Цолоева 60 кг салмақта бұған дейін Қазақстан чемпионы атанған болатын.
бокс

Талқылау