Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апатынан қаза тапқан алматылықтардың туыстары әділеттілікті талап етеді

20 шілдеде көлік жүргізушісі велосипедшіні қағып кеткен еді. Көлікке қатты соғылған азамат оқиға орнында көз жұмған. Қайтыс болған ер адам 40 жаста еді, оның артында әйелі мен 4 баласы қалды. Ал апатқа кінәлі адам әлі бостандықта жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" арнасына сілтеп. 

дтп

Жол апатынан марқұм болған азамат жаңа тау электр велосипедін сынап көрмекші болған екен. 

"Сенесіз бе, мен бір нәрсе болғанын сезіндім. Қызыммен бірден сол жерге бардық. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатты. Жедел жәрдем кетіп қалған екен. мендегі жалғыз ой көліктің бейнежазбасы қайда екенін сұрау болды. Машинадағы айна бұрылғанын байқадым. Көліктің бейнебақылауы болғанын сезем, бірақ оны тез алып тастаған болуы керек" , - дейді жесір қалған Наталья Кучкина.

Апат 19 шілдеде Навои көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, велосипедші көшеден бұрылып жатқанда көлік оңдырмай қағып кеткен. Белгілі болғандай, рульдегі қаладағы оқу орындарының бірінің 23 жастағы оқытушысы екен. Дәрігерлер Николайды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, бәрі сәтсіз аяқталды.

Қайғылы оқиғадан кейін марқұмның отбасына тергушілер дөрекілік танытқан.  

"Тергеуші маған "сіз куәгерлерді өзіңіз іздеп, ақпарат жинай аласыз, кез-келген ақпаратты жинап, куәларды полицияға әкелесіз, мен олардан жауап аламын" дейді. Бүгін апатан кейін 10 күн өтті, жігіт әлі де бостандықта. Адам өлтіріп, үйде қалай тыныш шай ішеді", - дейді Наталья Кучкина.

Мақұмның туыстары кінәлі жазасыз қалуы мүмкін деп қорқады. Қазір жүргізуші ешқайда кетпеу туралы қолхат берген. Марқұмның жесірі ІІМ мен прокуратураға арызданған. Олар алдын-алу шарасын өзгертуді талап етеді.

"Анықтаушы қажетті дәлелдемелерді, оның ішінде полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларынан, сондай-ақ ЖКО орнына жақын орналасқан объектілерден деректерді жинауды жүзеге асырады. Сондай-ақ аталған оқиғаның куәгерлері анықталуда. Тергеу жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында",-делінген Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

 

STAN.KZ
Сенбі, 01 Тамыз, 2020 17:05
Талқылау