Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғалып кеткен Сеул мэрінің "денесі табылды"

Оңтүстік Корея полициясы Сеул қаласының мэрі Пак Вонсунды іздестіріп жатыр. Оның жоғалғаны туралы қызы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Пак ВонсунҚала мэрі жергілікті уақыт бойынша 17:17-де үйден кетіп, өсиетке ұқсас жазбаны қалдырып, ғайып болды. Мэрдің қызы жоғалып кеткеннен соң 4-5 сағаттан кейін полицияға арыз берді. 

Құқық қорғау органдары дрондар мен полиция иттерін қолдана отырып, ауқымды іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Кейіннен Twitter-де Пак Вонсунның өлімі туралы хабар пайда болды. Бұл туралы қытайлық CGTN телеарнасы мен Deep News аккаунты хабарлады.

Сонгюнгван университетінің жанындағы саябақтың жанынан оның мәйіті табылғанын атап өтті. Өлімнің себептері белгісіз.

Жергілікті БАҚ пен әкімшілік әзірге түсініктеме берген жоқ. Ал полиция бұл мәліметтерді жоққа шығарды, әзірге іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Пак Вонсун Сеул қаласының мэрі сайлауына жеке оппозициялық кандидат ретінде қатысып, 2011 жылы осы лауазымға тағайындалды. 2012 жылы Біріккен демократиялық партияға мүшелікке өтті.

Талқылау