"Жыныстық қатынасқа түскен сәтін видеоға түсірген": Алаяқ ондаған монахты еліктіріп, 6 миллиард теңгеден астам ақшасын алып қойған
Фото: Ru.freepik.com
Таиландта алаяқ әйел танымал кемінде 12 буддист монах пен ғибадатхана басшыларын азғырып, олардың 385 миллион бат, шамамен 6 296 800 000 теңге ақшасын сыпырып кеткен. Әйелге қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маусым айында Бангкоктың орталығындағы ғибадатхана басшысы кенеттен өз еркімен діни лауазымынан бас тартып, отбасымен байланысын үзіп, Таиландтан кетіп қалған. Ол рухани ортада өте танымал болғандықтан, оқиға көпшіліктің назарын аударып, тергеу басталды.
Белгілі болғандай, алаяқ әйелдің шын аты — Вилаван Эмсават. Оның құрбандары – көптеген діндар адамдар. Таиландтың Орталық тергеу бюросының қызметкерлерінің мәліметінше, соңғы үш жылда нәпсі тыйымын сақтауға ант берген монахтар Эмсаватпен байланыстарын жасыру үшін оған жүздеген миллион бат аударған. Эмсаваттың үйін тінту кезінде одан бес смартфон тәркіленіп, олардың жадынан компроматтық материалдар табылған. Ол монахтармен және ғибадатхана басшыларымен жыныстық қатынасқа түскен сәттерін видеоға түсіріп отырған.
Сонымен қатар, тергеу барысында Эмсаваттың банк шоттарында бар болғаны 44 мың бат (шамамен 724 680 теңге) қалғаны анықталды. Sky News басылымының жазуынша, әйел алаяқтық жолмен тапқан ақшаның көп бөлігін онлайн-казиноға жұмсаған.
Бастапқыда Эмсаваттың құрбандары ретінде жоғары лауазымды 9 монах деп көрсетілген. Олардың сегізі шілде айында діни дәрежелерінен айырылды. Алайда кейін полиция кем дегенде 12 діни тұлға оның арбауына түскенін хабарлады. Эмсаваттың тағы бір көңілдесі жоғалып кетті. Қазір ол туыстарымен де, полициямен де байланысқа шықпай отыр.

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
