"Жынысы көрсетіледі": Ішкі істер министрлігі жаңа үлгідегі жеке куәліктерді қолданысқа енгізді
Ішкі істер министрлігі 15 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жаңа үлгідегі жеке куәліктерін шығаруды бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: mtrk.kz
Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болған.
Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығын талап етпейді және азаматтардың жаңа құжаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейді (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері 738,4 теңгені құрайды).
Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болады.
Қазақстандықтар жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек алдыңғының мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыру кезінде ала алады.
Яғни, бір мезгілде жаппай құжат ауыстыру болмайтыны айтылған.
"Несиені жапқаннан кейін көлігімді тартып алды": Қазақстандық көлігінің Ресейден ұрланғанын білмеген
Енді оның көлігі айып тұрағында.
Қазақстанда қарыз алушы қайтыс болса, оның банктегі несиесін кім өтейді?
Мұрагерлер қандай жағдайда қарызды өтеуге міндетті және ипотекадағы пәтердің тағдыры қалай шешіледі