Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарашаның басы жылы болады": Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет Қазақстан бойынша 14-16 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, мауысым әдеттегіден жылы басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Синоптиктер қарашаның әдеттен тыс жылы басталуы қыстың қарқынын едәуір кейінге қалдыратынын жеткізді. Болжам бойынша, алда жылы күндер әлі де сақталады.

Алдымен Қазақстанның батысында, содан кейін қалған өңірлерінде оңтүстік және атлантикалық екі циклон әсер етеді. Олар ауа райын бұлтты және жаңбырлы етеді. Дегенмен температура біркелкі, бірақ жылы болады деп күтіледі.

Еліміздің оңтүстік аймақтарында аздаған бұлтты ауа райы күтіледі. Күндізгі ауа температурасы 17-22 градусқа дейін жылитыны болжанған. 

Талқылау