Салоннан алған көлігінен ақау табылған қазақстандық 46 миллион теңге өндіріп алды
Фото: pixabay.com/DokaRyan
Тұтынушылоардың құқықтарын қорғау комитеті көлігінен ақау табылған азаматтарға 338,2 миллион теңге қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жыл басынан бері комитет азаматтардың құқықтарын жалпы сомасы 690,5 миллион теңгеге қорғаған. Олардың ішінде ең көп тарағаны – автокөлікке қатысты істер.
"Астана қаласында премиум санатындағы автокөлік сатып алған азамат көліктің рулдік басқару жүйесіндегі ақауға тап болған. Сот процесіне департаменттің қатысуымен сатушыдан 45,8 миллион теңге өндіру туралы шешім қабылданды. Мұндай ақауы бар автокөлікке қатысты істердің жалпы саны 21, ал қайтарылған қаражат көлемі 338,2 миллион теңге", – делінген хабарламада.
Еске слайық, бұған дейін Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті қазақстандықтар 2024 жылы жиі шағымданған қытайлық көліктердің тізімін ұсынған еді.
Комитет мәліметіне сәйкес шағымдар көбі JAC, Chery, Geely, Jetour, Exeed және Haval маркаларына қатысты болған.

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз "Реал Мадрид" футбол клубына жұмысқа орналасты
