Жиіркенішті іс: Аша Матай жезөкшелерді қамшымен сабаған Ахмадиевке қатысты пікір білдірді
Белгілі тележүргізуші Аша Матай “жезөкшелерді” қамшымен сабаған Жан Ахмадиевке қатысты пікірін білдірді. Ол Ахмадиевті жеке танымайтынын, алайда оның әрекетіне қарсы екенін жеткізді.
Аша Матай “Гәкку FM” радиосының “Если честно” бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Мен Жанды жеке танымаймын. Бірақ мен оның әрекетіне қарсымын, ондайды түсінбейді екенмін. Мен оны тек сондай шулы оқиғалардан білемін, үнемі өз атын шығаруды ойлап жүреді. Мүмкін өмірде жақсы жігіт шығар, бірақ іс-әрекетін түсінбеймін. Не үшін олай жасайды? Не себепті оған өз әйелін қатыстырады? Жезөкшелікке қарсы болса, онымен күресудің басқа жолдары бар. Достарына, таныстарына “барма, сатып алма” деп айтсын. Ал бірақ әйел адамды ұру – жиіркенішті іс”, – дейді Аша.
Айта кетейік, бұған дейін рэпер Жан Ахмадиев Алматының Сейфуллин көшесіндегі жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабап, ол әрекетін желіге жариялаған еді. Алайда көпшілік мұның жарнама үшін жасалған іс екенін айтып, рэпердің өзін кінәлаған болатын.
ҚР ІІМ Көшедегі жезөкшелерді сабаған Ахмадиевтің әрекетінде қылмыстық белгі жоқ деп тапты. Себебі арнайы бейне-ролик үшін таспаланған “қойылымда” жезөкшенің рөлін Ахмадиевтің өз әйелі сомдаған.
Тағы оқыңыз:
Қайрат Нұртас, Айқын, Дастан және Луина квартет болып ән шырқады (видео)
Аша Матай «Қалаулымның» екінші маусымы түсірілетінін мәлімдеді
Ұят санамаймын: Аша Матай ашық-шашық бейнебаяндарын түсіндірді (видео)
Алтынай Жорабаева Астана төрінен хан сарайындай зәулім үй алды (видео)