Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігіт Универсиада тікелей эфирі барысында сүйіктісіне жүрегін ұсынды

Универсиада-2017 дирекциясының қызметкері тікелей эфир барысында сүйіктісіне өзіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.

20170204193040

Романтикаға толы оқиға «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде болды.

Универсиада оргкомитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жарыс басталғанға дейін бірнеше минут қалған сәтте стадионда романтикалық әен ойнады. Бұл уақытта негізгі экраннан ғашықтар туралы бейнеролик көрсетіліп жатты.

Барлық спортшылар мен көрермендердің назары қос ғашықа болды.

Оқиғаның себепкері болған бойжеткен роликті тамашалап тұрған сәтте оның сүйіктісі, Универсиада оргкомитетінің қызметкері Әлішер Әбдуманапов аяқ астынан трибунаның астындағы дәлізден шыға келді.

Алқызыл раушан гүлдерімен сүйіктісі Анжелика Косенконың алдына келген ол тізерлеп тұрып, үйлену туралы ұсыныс жасады. Бойжеткеннің сол сәттегі эмоциясын сөзбен айтып жеткізу мүмкін де емес! Сүйіктісін құшақтаған ол сол сәтте «Иә!» деп жауап берді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жігіт букмекерлік кеңседен 14 млн теңгесін ала алмай соттасып жатыр

Алматыда өрт кезінде мерт болған ғалымның туыстары іздестірілуде

Журналистер көшеде ақша таратқан жігітті тапты

Шымкент жастары студентті ұрып ит пен малдың кейпіне енуді бұйырған (видео)

Талқылау