Рекордты құрғақшылық: Еуропалықтарға суды үнемдеу ұсынылды

Фото: Pixabay.com
Жазда еуропалық комиссия суды пайдаланудың жаңа стратегиясын ұсынады, оның бір тармағы – тұрмыстық тұтынуды ашық ету. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еуропаның қоршаған орта жөніндегі комиссары Джессика Росвалл су тапшылығы туралы дабыл қақты.
"Біз суды шамадан тыс пайдаланып жатқанымызды білеміз. Адамдар қанша суды қолданып жатқанын нақты көргенде, олар бұл туралы көбірек біледі", – деді ол.
Росвалл неғұрлым ашық тұтыну шешім болуы мүмкін екенін айтты.
Германияда тұрғындар күніне орта есеппен 121 литр ауыз су тұтынатынын жазды. Оның 36%-ы жеке гигиенаға, 27%-ы дәретхананы жууға және 12%-ы кір жууға жұмсалады. Егер мамыр айы жаңбырсыз өтсе, 2025 жылдың көктемі 1881 жылы басталғаннан бергі ең құрғақ кезең болуы мүмкін.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған