"8 ай алимент төлемеген": Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі мәлімдеме жасады

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі, блогер Фариза Алмазова тың деректерді бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогердің сөзінше, жұлдызды әке 8 айдан бері алимент төлемеген.
”Әкенің орны жездедей-ақ деген сөзді дәлелдеп берді. Сот орындаушысы шақырды. 8 айдан бері алимент төлемеген еді. Сол үшін арыз жаздым”, – деді Фариза.
-
"Бұрынғы әйелін тез ұмытты": Актер Нұрсұлтан Жақсыген сүйіктісін көрсетті
-
"Мені өзіңмен салыстырма": Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актердің жазған хатын жариялады
Одан кейін актердің болашақта да алимент төлемейтінін жазған хатын жариялады.
“Ақша тап та, балаларды өзің асыра. Балаларды да көрмей-ақ койдым. Жиналса жинала берсін. Сториске салып, охват жинаймын деп ойламай-ақ қой. Менің бір емес, екі үйім бар. Сен сияқты әке-шешеңмен тентіреп жүрген жоқпын. Қыз деген көп емес пе, шертіп жүріп таңдай аламын”, – деп жазған актер.
Фото: Жеке парақшадан скриншот
Еске салайық, Нұрсұлтан Жақсыген эфирде бұрынғы әйелінен кешірім сұрап, қоңырау шалған еді.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін