Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз зорлаған жігіт жыныстық ләззат ала алмағаны үшін ақталып шықты

«Лос Поркус» бандасының бай мүшесі жасөспірімді зорласа да, ақталып шықты. Бұған оның айтарлықтай ләззат ала алмауы себеп болған екен.

3EC79FA500000578-4359686-image-m-2_1490884416756

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Сот жасөспірімді зорлаған бай жігітті ақтап шықты. Бұл оқиға жұрттың наразылығын тудырды. 21 жастағы Диего Крус Алонсо – «Лос Поркус» бандасының мүшесі. Мұнымен қатар, Веракрус қаласындағы бай бизнесменнің баласы. Ол 2015 жылдың 3 қаңтарында достарымен бірге жабылып жасөспірімді зорлаған.

The Guardian басылымының хабарлауынша, сот төрағасы Ануар Гонсалес Крустың жәбірленуішінің омырауын ұстап, ұятты жеріне қол сұққанын ескеріп, оны ақтап шыққан. Айтуынша, азамат ешқандай да жыныстық ләззат алуға апаратын әрекет жасамаған. Мұндайда босатуды мексика заңы да қолдап отыр екен.

Әйелдердің құқығын қорғау қозғалысының белсендісі Эстефэниа Вела Барба соттың дәл мұндай шешімін әділетсіз деп атады. «Ол қызды зорлауға әрекет жасады. Ләззатты қолы арқылы алды. Бұл сонда қылмысқа жатпай ма? Олар жасөспірімнің мазасын қашырып, арына қол сұқты», – дейді ол.

327E86ED00000578-3506328-image-a-23_1458749039579

17 жастағы жәбірленуші Дафни Фернандес өзін зорлаған жігіттермен бір мектепте оқыған. Жігіттер оны түнгі клубтан байлап алып шығып, Mercedes көлігімен алып қашқан. Мұны арадағы бір жігіттің туған күніне сый ретінде жасаған екен. Ол Коста де Ора аймағында зорланған.

Мексика тұрғындары бай-бағландардың жазадан оңай құтылып кететініне наразылық білдіріп жатыр. «Мен ақталатындай күнә жасаған жоқпын. Мен жай ғана ішуге барған едім. Өзімнің құрдастарым секілді қысқа белдемше киіп жүргенім рас. Қызды қысқа кигені үшін зорлауға болмайтын сияқты. Өзімді мұндай бассыздыққа лайықпын деп айта алмаймын», – деп жазады Дафни Facebook-тегі парақшасында.

Жасөспірімнің әкесі Хавьер Фернандес жігіттермен кездесіп, қызынан кешірім сұрауды талап еткен.

«Менің кәмелеттік жасқа толмаған қызымды көлікке күштеп отырғызған. Оны еркінен тыс жыныстық қатынасқа көндіріп, зорлаған. Мен бұл хатты әрең жазып отырмын. Намыстан өртеніп барамын. Әлгі жігіттер болған оқиғаны толықтай мойындап, кешірім де сұраған болатын. Енді міне жазасыз қалып отыр», – дейді Хавьер Фернандес.  Ол осы жазбасын желіге жүктеп, қоғамнан қолдау іздеген-ді.


Жіберіп алмаңыз:

Отбасы жүкті болып қалған қыздарын 16 жыл бойы тыржалаңаш қамап ұстаған

19 перзенті бар ана 20-сәбиіне жүкті (фото)

Мына 3 ережені ескерсеңіз, сүйіктіңізбен мүлдем ұрыспайсыз

Бұрынғы нашақор қалай ел таныған миллионерге айналды (фото)

Талқылау