Жезқазған маңында жантүршігерлік жол апаты болды: 14 адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды
Жезқазғанға жақын жерде жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Жеңіл көлік қарсы жолаққа шығып, апатқа себепкер болды. Соқтығу оқиға Жезқазғанның жанында болды. Жеңіл көлік автобусқа бетпе-бет келіп, соғылған. Қатты соққыдан кейін көлік жанып кеткен.
Оқиға орнынан түсірілген видео кадрларында адамдардың апат болған жері көрінеді. Оқиға болған жерде адамдар жиналып, автобустар тоқтап жатыр.
- "Жол апаты есімде жоқ": Бұрынғы полицей Алматыдағы блок-бекетте болған оқиға туралы шындықты айтты
- "Қайтыс болар алдында анасымен сөйлесіп тұрған": Алматыда 14 жастағы жеткіншекті көлік қағып кетті
"Не болып жатқанын қараңыз! Біреулерді көтеріп алып жүр!", - дейді видеода әйелдер.
Жеңіл көлік жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Автобус салонында 15 жолаушы болған. 14 адам ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі ауыр жағдайда жансақтауға жіберілді. Полиция тергеуді бастап, сараптама тағайындалды.
Талқылау