Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында 10 адам қаза тапқан жол апатына себеп болған көлікті жасөспірім басқарған

Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында 10 адам қаза тапқан жол апатына себеп болған көлікті жасөспірім басқарған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты. 

“Күні кеше Жетісу обылысында жұргізуші куәлігі жоқ жасөспірім екі автокөлікпен соқтығысты, салдарынан 10 адам қаза тапты”, – деді вице-министр. 

Вице-министр Қазақстанда жыл сайын 2 мыңнан астам адамның жол апатынан қаза табатынын, 20 мыңнан астам адамның жарақат алатынын айтты. Сонымен қатар жол апаттарының 90%-ы жүргізушілердің кінәсінен екенін атап өтті. 


Бекет ата қорымын аралауға бара жатқан: Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты


“Біз жыл сайын 13 миллион жол ережесін бұзу дерегін анықтап, оларды тоқтатамыз. Биыл жыл басынан бері жол апатына әкелуі мүмкін жол ережесін бұзу оқиғалары 20%-ға көбейді. Қарсы жолаққа шығу фактілері 16%-ға артты. 16 600 мас жүргізуші ұсталды. Жолдағы тәртіпті күшейту үшін патрульдеу маршруттары кеңейтілді. Арнайы іс-шаралар жүргізіп жатырмыз. Бүгін ай соңына дейін «Қауіпсіз жол» рейдтік шараларын бастадық”, – деп қосты вице-министр.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында үш көлік соғылып, салдарынан 10 адам қаза тапқаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек, 2025 19:44
Талқылау