Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жетінші арна” YouTube-те 1000 000 жазылушы жинады

Өткен аптаның демалыс күндері «7 арнаның» YouTube арнасына 1 000 000-шы көрермен тіркелді. Бұл белесті бағындыру үшін «7 арна» ұжымы ұзақ әрі жүйелі түрде жұмыс істеді.

"Жетінші арна" YouTube-те 1000 000 жазылушы жинады

YouTube желісіне 2010 жылы тіркелген арнаға бүгінге дейін 17,5 мыңнан астам бейнежазба жиналған. Контенттердің дені – ойын-сауық және ақпараттық мазмұнға құрылған әрі жұртшылықтың жеңіл қабылдауына өте ыңғайлы бейнематериалдар. Тіпті, YouTube желісіндегі арнаға «7 арнаның» жоғары сапалы ойын-сауықтық бағдарламаларының кітапханасы жиналды десек те артық емес.

Былтырғы күзде «Тақиясыз періште» жобасының алғашқы маусымы телеэкранға жол тартпай тұрып YouTube-тағы арнаға жүктелген еді. Және 24 сағат ішінде қаралым саны 430 мыңға жетті. Бұдан бөлек, жобаның Instagram желісіне арналған нұсқасы арнайы дайындалып, барлық әлеуметтік желілерге таратылды. Youtube-тің аналитикалық деректеріне сүйенсек, аталмыш сериалдың тек ТМД елдерінде ғана емес, әлемнің АҚШ, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Нидерланды, Сингапур және Канада секілді дамыған мемлекеттерінің көрермендері бар.

Әрбір бағдарламамыз арна эфирінен көрсетілгеннен кейін YouTube-тағы арнамызға жарияланатынын әрі көру мүмкіндігі жоғары екенін тұрақты көрермендерімізге мәлім. Осындай жүйелі қарекеттің арқасында YouTube арнасына жазылушылар саны апта сайын 9000-10000 қолданушыға көбейіп отыр. Сонымен қатар, барлық бейнематериалымыз ұзын саны 625 972 477 рет көрілген екен. Оның ішінде:

  • «Q-eli» скетч жобасының қысқартылған нұсқасы – 229 921 607 қаралыммен көш бастап тұр;
  • Дәл қазіргі уақытта YouTube-тағы арнамызда «Япырай», «Тақиясыз періште», «Бастық боламын», «Зың-зың Күлпәш» және «Әкесінің баласы» сынды ойын-сауықтық мазмұндағы сериалдар және «Өз ойым» ток-шоуы жоғары танымалдылыққа ие;
  • Q-eli скетч комының 3-4 минуттық үзінділерінің бір ғана видеосы орта есеппен 9 000 000 рет қаралса, «Тақиясыз періште» сериалының бір шығарылымы орта есеппен 1 000 000 рет қаралған;
  • «Тақиясыз періште» сериалының Тайлақ образы бар анонстарының бір ғана видеосы 4 500 000-ға жуық қаралым жинаған;
  • Бейнематериалдардың орташа қаралу уақыты – 5минут.

«7 арнаның» YouTube-тағы арнасы қазақстандық  YouTube арналардың ең үздік ондығына кіреді, яғни, ТОП-10 арнаның қатарында бар. Сондай-ақ, көрермен саны жөнінен GAKKU арнасынан (1 300 000 жазылушы) кейінгі 2-орында.

2016 жылы Youtube «Жетінші арнаны» 100 000 оқырман жинағаны үшін «Күміс батырма» (YouTube / Silver Play Button YouTube) сертификатымен марапаттады.

2018 жылдың 6 қазаны күні YouTube-тағы арнамыздың оқырман саны 1 000 000-ға жетті. Бұл – YouTube осындай көрсеткішке жеткені үшін «Алтын батырма» (YouTube / Gold Play Button YouTube) сертификатымен марапаттайды деген сөз. Демек, «Жетінші арна» миллион оқырман жинаған әрі «Алтын батырма» (YouTube / Gold Play Button YouTube) сертификатын иеленген YouTube-тағы қазақстандық 4-ші арна болмақ.

Бүгінгі таңда «Жетінші арна» YouTube-ке қоса, Instagram, ВКонтакте, Facebook, Twitter, Telegram сынды ең танымал әлеуметтік желілері арқылы да көрермендерімен тұрақты байланыс орнатып отыр.

STAN.KZ
Жұма, 12 Қазан, 2018 14:17
Талқылау