Тоқаев Ресейдегі ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айтты
Фото: kremlin.ru
Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кектейік, бүгін Ресейдің Амур облысында Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша ұшып бара жатқан АН-24 ұшағы Тында қаласы әуежайынан бірнеше шақырым жерде радардан жоғалып кеткен. Кейінірек әуе кемесінің апатқа ұшырағаны белгілі болды.
"Ангара" әуе компаниясына тиесілі ұшақ бортында 42 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған. Алдын авла ақпарат бойынша ұшақ бортында болғандардың барлығы қаза тапты.
Еске скалсақ, бұған дейін апатқа ұшыраған рейстің жолаушылар тізімінде болған бір әйел ұшаққа мінбей аман қалғаны туралы жазған едік. Әйел немересі ауырып қалғандықтан, әуежайдан үйіне қайтып кеткен.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген