Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда екі жыл бұрын жеті жасар қызын аюға тастаған әйел оны бауыздап тастады

аюВидеодан скриншот

Ташкенттің Сергелі ауданының 34 жасар тұрғыны Зилола Туляганова 7 жасар қызын ас үй пышағымен пышақтап тастаған. Бала сол жерде алған жарақатынан көз жұмған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі өзбекстандық Milliy телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Туляганова балаларымен бірге тұрған аудан өкілі журналистерге әйелдің осы жылдың тамыз айында психневрологиялық ауруханада емделу курсынан өткенін мәлімдеді. Содан кейін дәрігерлер оған амбулаториялық ем тағайындаған.

"Махалла жетілігінің" мүшелері көршілерімен бірге Зилоланың үйіне барып, онымен әңгімелесті. Олардың айтуынша, әйелдің жағдайы жақсы болған, ол өзіне қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген.

"Біз мұны күткен жоқпыз", – деді аудан тұрғыны баланың өліміне қатысты.

Оқиға туралы ақпаратты Өзбекстанның Бас прокуратурасы растап, күдіктінің ұсталғанын айтты. Оған қарсы республика Қылмыстық кодекстің 97-бабы ("Қасақана кісі өлтіру") бойынша іс қозғалған.

Осыдан үш жыл бұрын дәл осы әйел келушілердің көзінше өз қызын хайуанаттар паркіндегі аюға тастаған.

"Зузу есімді аю ақырын арыққа түсіп, қызға жақындап, иіскеген де кетіп қалған. Қыз жыртқыштан емес, 5 метр биіктіктен құлағаннан ғана зардап шекті", – деп хабарлады зоопарктің баспасөз қызметі.

Осы оқыс оқиғадан кейін қыздың анасына қатысты Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 25-бабы, 97-бабының 2-бөлігінің "в" тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейіннен қыздың анасы Зилола Туляғанованың Ташкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде оқытушы болып жұмыс істегені белгілі болды. Аю қорабына тастаған қызынан басқа оның тағы бір баласы бар. Әйел балаларымен бірге Ташкенттің Сергелі ауданындағы әкесінің үйінде тұрған.

Тергеушілердің айтуынша, Зилола Туляганова 2021 жылдың шілдесінен бастап психиатриялық диспансерде есепте тұрған. Күйеуі оны тастап, Ресейге көшіп кеткеннен кейін ол күйзеліске түскен. Ерлі-зайыптылар ажырасу алдында тұрған. Махалла шенеуніктері ерлі-зайыптыларды татуластыру үшін бірнеше рет шара қабылдағаны атап өтілді.

Айнұр Мұхади
Жұма, 12 Қыркүйек, 2025 12:32
Талқылау