Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жер шарына алып астероид жақындап келеді

25 қазан күні Жер орбитасына 162082 (1998 HL1) астероиды жақындайды деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көлемі 441 метр мен 986 метр аралығын құрайтын аспан денесі 0,04 астрономиялық бірлікке дейін Жерге бірер күннен соң жақындайды. Бұл қашықтық шамамен Жер мен Айдың арасын 16-ға көбейткенге тең. Ескере кетейік, ғарыш объектісінің ғаламшарымызға жақындауы оған еш зиянын тигізбейді. Оның Жерге жақындаған кезін 25 қазан күні сағат 23:21 бақылауға болады. 

Ғарыш туралы қызықты мәліметтер >>>

Десек те, зерттеушілердің пікірінше, бұл аспан денесі қауіпті астероидтардың қатарында көрінеді. Алайда соңғы 120 жылдың ішінде оның Жер шарымен соқтығысу ықтималдығы өте төмен. Алдағы уақытта бұл астероид ғаламшарымызға тек 2140 жылы ғана жақындауы мүмкін.

Ғарыш денесі 1998 жылдың 18 сәуірінде Нью-Мехико қаласында анықталған. Ол «Аполлон» атты Жерге жақын астероидтардың құрамына енгізіліпті. Осы уақытқа дейін, бұдан өзге бес мыңнан астам ұқсас астероид ашылып үлгерген.  

STAN.KZ
Дүйсенбі, 21 Қазан, 2019 14:19
Талқылау