Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жер бетіндегі ең ежелгі жануар белгілі болды

Жер бетіндегі ең алғашқы жануар теңіз жануары болуы мүмкін. Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары аталған тіршілік иесінің генетикалық сипатын зерттей келе осындай байламға келген. Зерттеу нәтижесінде олардың жасы 640 миллион жылға жететіні болжанған. Олар өздерінің бұл ғылыми мақалаларын Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жариялаған.

sponge

Сурет origins.org.ua

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Оның сүйегі 540 миллион жыл бұрынғы кембрий дәуіріне тиесілі екен. Жедел геологиялық өлшем бойынша бір клеткалыдан көп клеткалы органимзге айналып кетуі ғалымдар көкейінде әлі де сауал тудыруда.

Америкалық зерттеушілер 24 изопропилхолестанды холестериндермен жұмыс істеген. Бұл молекулалар кембрий және декембрий тұқымдарында көптеп кездеседі.

Зерттей келе биологтар бұл теңіз жануары балдырларға қарағанда да ежелгі тіршілік иесі деген тоқтамға келген.

Талқылау