Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбековты білмеген қазақстандық блогерлер ұятқа қалды

Қазақстандық белгілі блогерлер Қайрат Рысқұлбековтың кім екенін білмей, сасып қалды. Олар желтоқсан құрбанын белгісіз Талғат Рысқұлбековтың інісі деп танитындарын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайрат Рысқұлбеков

Бұл туралы журналист, әрі блогер Әлия Исенова өз Instagram-парақшасына салып, Қайрат Рысқұлбековты танымаған блогерлерді сынап тастады. 

Белгілі пиар саласының маманы, блогер Әлішер Елікбаев DIGISTAN YouTube жобасына блогерлерді шақырып, бірнеше сұрақтың астына алған. 

Әлішер мен блогер Бейбіт Әлібеков  бағдарламаға қонақ ретінде келген Айжан Байзақова мен Jurttyn Balasy (Мұрат Даниярға) «Қайрат Рысқұлбеков кім?» деген сұрақ қояды, сонда екі блогер жауап бере алмай қалған. 

Алайда, Айжан Байзақова «Қайрат Рысқұлбеков Талғат Рысқұлбековтың інісі» екенін айтса, Jurttyn Balasy желтоқсан көтерілісінің қаһарманын кім екенін білмейтін болып шықты. 

 

Талқылау