AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Жамбыл облысындағы жарылыстар туралы жалған ақпарат таратқан ер адам жазаланатын болды

Полиция Жамбыл облысындағы жарылыстар жайлы әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме беріп.

27 тамызда Instagram әлеуметтік желісінің мониторингі барысында полиция Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім аумағында орын алған жарылыстарға байланыстыжалған ақпарат таратқан  адамды анықтаған. Ол жарылыстарды қуатының күшті болуына байланысты бәсеңдету мүмкін болмайды, зардап шеккендер саны өте көп, оның ішінде дене мүшелері бірінен бірі ажыратылғандар да бар дейді.


Бір көлік үшін 35 мың теңге: Тараз маңындағы жарылыстан кейін такси жүргізушілері бағаларын үш есе көтерген 


"Бұл хабарлама жалған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Тараз қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 274-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ полиция мұндай қылмыс жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгенін еске салды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр