Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде екі қазақстандық қыздың қатарласын аяусыз соққыға жығып, сабап жатқан видеосы тарады

Желіде екі қыздың қатарласын аяусыз соққыға жығып, сабап жатқан видеосы тарадыФото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде екі қыздың бір қызға жабылып, ұрып, онымен қоймай онысын видеоға түсірген бейнежазба тарады. Бұл жағдай 2025 жылы мамыр айында Ақмола облысы Степногорск қаласында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан бір қыздың екіншісін басынан ұрып, аяқпен теуіп, шашынан жұлып, ауыр соққылар жасап жатқанын көруге болады. Ол жәбірленушіні бопсалап, телефонын талап етіп жатты. Алайда жәбірленуші телефонның сыйлық екенін және соңғы ақшасының бәрі сол телефонда екенін айтып, бере алмайтынын жеткізді. Алайда күш көрсетіп жатқан қыз оның бұл сөзін елемей, оны сабап жатты. Соңында соққыларға шыдамаған жәбірленуші айқайлап, көмек сұраған. Алайда жанындағылар оның үнін өшіруге тырысып, тағы да ұрып-соқты.

Осы тұста жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Stan.kz редакциясы Ішкі істер министрлігіне сауал жолдады. Ведомствоның мәліметінше, бейнежазба күні кеше тарағанымен, оқиғаның өзі былтыр мамыр айында болған.

“2 ақпанда Telegram арналардың бірінде қызды ұрып-соғып жатқан бейнежазба жарияланды. Аталған факт былтырғы жылдың мамыр айында Ақмола облысының Степногорск қаласында жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайында болғаны анықталды. Бұған дейін дене жарақатын келтіру дерегі бойынша полицияға ешқандай арыз түспеген. Қазір оқиғаға қатысы бар адамдардың бәрі анықталды. Олар – өзара таныс үш қыз”, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.

Алайда жәбірленуші қазір дене жарақатын келтіру фактісі бойынша арыз беруден бас тартқан. Сондай-ақ жанжалға қатысушыларға қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін айтты.



Десе де ведомство өкілі азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтты. Сонымен қатар тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады деп сендірді.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 03 Ақпан, 2026 16:29