Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Алматыда болған құбыр апатының суреттері жарияланды (фото)

Алматыдағы Таугүл ауданында жарылған құбырлардың суреттері желіде жарияланды. Коммуналдық қызметкерлер таңертеңге дейін бүлінген құбыр жүйесін жөндеді.

Аудандағы бірнеше көшедегі үйлер жылусыз қалған еді.

Инстаграмдағы топтардың бірінде жарылған 4 құбырдың суреті шықты. Олардың ортасындағысы зақымданған. Кейін бұл құбырлардың 1980 жылы орнатылғаны белгілі болды.

“Құбыр қатты қысымға шыдамай жарылған. Қазір қалыпына келтіру жұмыстары жүргізілуде”, – деді “Алматы жылу жүйесі” ЖШС баспасөз хатшысы Наталья Инкина.

Апат салдарынан коммуналдық қызметкерлердің жұмысы таңға дейін созылған.

Әкімдіктңң хабарлауынша, Таугүл ауданындағы апатқа байланысты штаб құрылды.

Айта кетейік 29 қаңтарда диаметрі 500 миллиметр құбыр жарылған еді.  Салдарынан Навои, Рысқұлбеков, Жандосов және Береговой көшелеріндегі үйлерде жылу тоқтады. Сағат 15:00-де жылу жүйесі қалпына келтірілді.

Тағы оқыңыз:

Астанада әйел қызғанғаннан жігітінің жыныс мүшесін кесіп тастады

5 мың доллар талап еткен: Мысырда ауырып қалған азаматтың қызы дәрігерлерді жазалауды сұрады

Алматы метросында ұялы байланыс қызметі қашан қосылады

Ауғанстанда қаза болған қазақстандық азамат Отанына жеткізіліп, жер қойнына тапсырылды

Талқылау