Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 мың доллар талап еткен: Мысырда ауырып қалған азаматтың қызы дәрігерлерді жазалауды сұрады

Египетте аяқ астынан ауырып қалған Олег Василенконың отбасы мысырлық дәрігерлерді жазалауды талап етіп отыр. Айтуларынша, ақ халаттылар бұрыс диагноз қойып қана қоймай, Олегты соққыға жығып, 5000 доллар қаржы талап еткен, деп хабарлады “Время“.

Үш күндік демалыстан кейін Абай тұрғыны Олег Василенконың аяғы ісіп, терісін ісік басқан. Сондай-ақ, дене қызуы 40 градусқа дейін көтерілген.

Олег араға екі апта салып, елге оралды. Әуежайдан оны «жедел жәрдем» күтіп алып, Астанадағы №1 ауруханаға жеткізген.

Қызы Анжелика Фараджеваның айтуынша, әкесінің денсаулығы бүгінде бірқалыпты.Қазақстандық дәрігерлер науқастың диагнозын тауып, ем-дом жазып берген.

Анжеликаның айтуынша, әкесі Sinaiclinic емханасында төрт тәулік емделген, алайда ешқандай өзгеріс, нәтиже болмаған. Ал ауруханадан шығар кезде ақ халаттылар пайдасы тимеген ем-дом үшін 5000 доллар талап еткен.

Зардап шеккен қазақстандық азамат қысқа видео түсіріп үлгерген. Бейнежазбада оны емхана қызметкерлері ұруда және еденнен қан көрінеді. Айтпақшы, азаматтың ем-домын сақтандыру компаниясы толықтай төлеп берген. Бұдан кейінгі 4 сағатын Василенко Египеттегі өзге емханада өткізген. Алайда ондағылар да Олегке көмек көрсете алмапты.

Ал қазақстандық дәрігерлер қолға түскен суреттерге қарап-ақ Олегтің дертін анықтап беріпті. Отандық дәрігерлер жазып берген препараттарды Олегке өз әйелі егіп отырған. Қызының айтуынша, тек соның арқасында Василенко Астанадағы емханаға дейін аман-есен жеткен.

Енді Фараджева Sinaiclinic дәрігерлерін жазалауды талап етіп отыр. Қазір ол Қазақстанның Мысырдағы елшісінің атына өтініш дайындау үстінде. Бұдан кейін Анжелика мысыр полициясына қылмыстық істі қозғау туралы шағым түсірмек.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы метросында ұялы байланыс қызметі қашан қосылады

Ауғанстанда қаза болған қазақстандық азамат Отанына жеткізіліп, жер қойнына тапсырылды

Шымкентте ойнап жүрген балалар адамның мәйітін тауып алды

Таиланд жағажайларында темекі шеккен қазақстандықтар 3 мың доллар айыппұл төлейді

Талқылау