Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушыларын Алматы облысындағы сайлау учаскесінде орналасқан дәретхананың жағдайы шошытты

Желіде Алматы облысындағы мектептердің бірінде әйелдер дәретханасының суреті таралып жатыр. Қолданушылар көшеде орналасқан дәретхананың апатты жағдайына шағымданды. Айта кетерлігі дәретхан сайлау учаскесінің жанында орналасқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дәретхананың суреті "За нами уже выехали" Telegram каналында жарияланды. Жарияланымға берілген сипаттамада Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл-Қайрат ауылындағы №19 орта мектепте көшедегі дәретханада бейнеленген. Оқу орнында екі сайлау учаскесі - №843 және №844 орналасқан.

"12 мыңнан астам халқы бар Қызыл-Қайрат ауылы, оның ішінде 6500 сайлаушы бар. Мектепте жылу жоқ деуге болады. Учаскеде +12 градус температурадағы жылытқыштар бар", - деді жарияланымның авторы Aiman Tursynkan.

Аталған жағдайға Талғар ауданының әкімдігінде түсініктеме берді. Олардың мәліметінше, суретте қолданылмайтын дәретхана түсірілген, ал мектепте ыңғайлы басқа дәретханалар бар. Олар көшеде де, ғимарат ішінде де орналасқан.

"Әлеуметтік желілерде жарияланған материалдар шындыққа жанаспайды. Белгісіз адамдар жұмыс істемейтін дәретхананың есігін сындырып, ішке кіріп, бөлмені суретке түсірді. Қолданылатын дәретханалар мектеп ғимаратында (әйелдер мен ерлер) орналасқан. Сондай-ақ, 2016 жылы салынған сыртқы дәретхана бар", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сайлау учаскесіндегі ауа температурасы +21 градус.

"Жылыту қосылған. Ғимараттағы температура режимі сақталуда", - деп толықтырды әкімдік.

STAN.KZ
Жексенбі, 10 Қаңтар, 2021 12:16
Талқылау